Шымкент қаласы

Қарапайым мұғалім Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі боп тағайындалды

5
(2)

Шымкент қаласындағы №41 мектеп-лицейінің тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі Өмір Шыныбекұлы Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов ұлағатты ұстазды қабылдап, білім саласын дамыту бойынша бірлесе жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасап.

Өмір Шыныбекұлы 1962 жылы Түркістан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген. Жоғары санатты ұстаз, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

2003 жылдан бүгінге дейін Шымкент қаласындағы №41 мектеп-лицейінің тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері. ҚР Президентінің және ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған.

Ұстаздың өлке тарихы, адамгершілік, білім және тәрбие тақырыптарындағы мақалалары мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланып тұрады.

Сондай-ақ, «Ауыл тарихы – ел тарихы» (2015 жылы), «Қара шаңырақ Қарасора, құтты мекен Кеңесарық» (2017 жылы), Түркістан облысы және Шымкент қаласы жалпы білім беру мектептеріне арналған «Өлкетану» оқулықтарының (2018 жылы) авторы.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close