Шымкент қаласы

Төбелестен кейін көз жұмған шымкенттік студенттің ісіне қатысты 5 күдікті қамауға алынды

0
(0)

Аяусыз соққыға жығылып жан тапсырған жасөспірім ісіне байланысты тың деректер пайда болды.  Төбелестен кейін көз жұмған шымкенттік студенттің ісіне қатысты 5 күдікті қамауға алынды

Шымкент қалалық полиция департаменті іске қатысты 7 күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді. Олардың 5 қамауға алынып, 2-уі қолхатпен босатылған. Тағы біреуіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі otyrar.kz. сілтеме жасап.

Бастапқыда денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп басталған қылмыстық іс бөлігі ауыстырылды. Қылмыстық іс енді өлімге әкеп соққан денсаулыққа аса ауыр зиян келтіру бабы бойынша жүргізіледі. Еске салайық, Маятас елді мекенінде 22 мамыр күні жасөспірімдер төбелесі болып, 3 студент ауруханаға түскен. Оның бірі 17 жастағы Абзал Уткуров ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close