Шымкент қаласы

Шымкент: 9000-нан астам адам сынама тапсырған

0
(0)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен арнайы барып танысып, медицина қызметкерлеріне пандемия кезінде атқарған ерен ебектері мен ерлігі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар орталықтандырылған медициналық зертхананың жұмысын жоғары бағалады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған орталық Covid-19 эпидемиясына қарсы іс-шараларының ішінде басым бағытта медициналық қызмет көрсеткен. Мамандар науқастардың өкпе қуысының рентген және компьютерлік томография зерттеулерін жүргізген. Ал, ПТР зертханасы жоғары сапалы зерттеу нәтижелерін қамтамасыз етеді. Мұнда Сovid-19 вирусын анықтау үшін 9350 азаматтан сынама алынған.

Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов орталықтың электронды қызметтерімен танысып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.

Айта кетейік, заманауи технологиялармен жабдықталған диагностика мекемесі 1990 жылы ашылған. Бұл орталық диагностика және емдеудің өте жаңа, тиімді, инновациялық әдістерін қолдана отырып, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

2019 жылы медициналық мекеме ҚР денсаулық сақтаудағы ұлттық сапа стандарттарына медициналық қызметтердің сәйкестігіне өңірдегі медициналық ұйымдардың ішінде бірінші болып жоғарғы санатпен аккредиттелген. Орталықта 38 медициналық мамандық бойынша, жоғары білікті дәрігерлер кеңес беріп, 800-ге жуық диагностикалық, 6000-ға жуық зертханалық қызметтер көрсетіп келеді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close