Шымкент қаласы

Шымкенттегі жағдай: әкімнің қалаға билігі жүрмей ме?

Біздің әкімдердің қалаға билігі жүрмейтінін, Ұлы Британия ханшайымдары секілді салтанатты кештерде лентаны қиып, қонақтарды күтіп алуға арналған персона екенін шымкенттіктер жақсы біледі, деп facebook-те жазба қалдырды Сәбит Байтенов есімді қолданушы. Оның жазбасы қызу талқыланып жатыр. 

Бүгін бір ауыр күн болды. Негізі жұмысымнан қалмадым, жолымды қара мысық кесіп өтпеді, ешкіммен дауласпадым…

…Шымкент қаласында қоғамдық көліктерде жолақыны төлеуге арналған «Төлем» картасын алып, Шымкенттің болашаққа жасаған қадамы деп қуанып тұрдым. Автобусқа кіре сала картамды терминалға бастым. Шу мен айналадағы абыр-сабырдан төлем қабылданды деген дауысты ести алмадым. Өзін Берікпін деп таныстырған кондуктор «Басып әуре болма, төлем қабылданбайды. Бірінші қаңтарға дейін өшіріп тастаған» деді. Кім айтты дегенде Дүйсенов деген бастығының сөзі екенін айтты.

Кондуктор Дүйсеновті де, Берікті де ойдан құрастыруы мүмкін. Бірақ мына автобустың номері және әкімияттың кішкентай автопарктерге сөзі өтпей жатқаны рас. Олар автобустарды кешкісін келісімшартқа сай жүргізе алмайды. Олар кішкентай «газельдерге» жаңасын, үлкенірегін ал деп айта алмайды. Автобустарда аңғал жолаушылардан заңсыз 100 теңгеден алып жүрген кондукторды да тәртіпке шақыра алмайды.
Біздің әкімдердің қалаға билігі жүрмейтінін, Ұлы Британия ханшайымдары секілді салтанатты кештерде лентаны қиып, қонақтарды күтіп алуға арналған персона екенін шымкенттіктер жақсы біледі. Қарапайым мысал, қайбір жылы жасыл автобустар келді қалаға. Жоспар бойынша олар сары автобустарды алмастыру керек еді. Сөзі өтпеген соң 110-ға 10 деп жазып, 58-ге 158 деп жазып қатарластырып жарыстырып қойды. Басқа мөлтекаудандар аялдамаға 1-2 км жаяу шығып жүргенде не үшін жасағанын басқаша түсіндіре алмаймыз.

Айтпақшы, менің бұл постыма жауапты мекемеден ешкім жазбайды. Себебі елемеуді үйреніп алды. Негізі үндемей қоя салсам, мұртым да қисаймайды. 70 теңгені кондукторға бердім не, мемлекетке бердім не одан оның құны өспейді. Уайымға салынғаным өзім туып өскен қалаға жаным ашығаннан болар. Басқа мегаполистер дамып жатқанда, осындай кері тартпа әрекеттерімен қалып жатқан Шымкентті уайымдағаннан болар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.