Қызылорда облысыҚылмыс/Оқиға

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар бала өлі күйінде табылды

3.9
(19)

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Екі күн бойы жоғалған Альтаир Бахытты іздестіру жұмыстарына Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

 Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда. Кішкентай Альтаирдың ата-анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.9 / 5. Бағалар саны: 19

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button