Қызылорда облысыҚылмыс/Оқиға

«Қызылорда аруы» атанған Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланды

0
(0)

«Қазақстан аруы – 2019» және «Қызылорда аруы – 2017» сұлулық байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазаға Алматыда іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Instagram-да kazakh_informkris.p.almaty.official  пабликтерінде Гүлнұр Нұртазаны іздестіру туралы ақпарат жарияланды.

Жоғалған күн: 2021 жылғы 26 сәуір.

Белгілері:  бойы 183 см, арық денелі, шашы ұзын, көзі қоңыр..

Киім: сұр жемпір және қызғылт түсті рюкзагі болған.

Соңғы рет оны Барахолка ауданында көрген.

Алматы қаласы полиция басқармасының 8 727 254 48 02 нөміріне хабарласуға болады», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек қыз қиын өмірлік жағдайға тап болған. Гүлнұр Нұртаза ата-анасынан айырылып  өзін-өзі қамтамасыз етуге мәжбүр болған. Екі жыл бұрын әкесінен,   екі ай бұрын анасынан айрылған. Қыздың жұмысқа орналасуда проблемалар туындаған, себебі жұмыс берушілер Гүлнұрға интим ұсынған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button