Қызылорда облысыҚылмыс/Оқиға

Қызылордада ер адам бұрынғы әйелінің сөмкесін ұрлап кеткен

0
(0)

Қызылордада бұрынғы әйелінің сөмкесін ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Полиция бөлімшесіне облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Анықталғандай, кешкі сағат 21:00 шамасында арызданушының бұрынғы күйеуі жатын бөлмесіндегі терезені сындырып, 60 мың теңгеден астам ақшасы мен сөмкесін ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары аясында Қызылорда қалалық ПБ-ның полицейлері күдіктіні ұстады. Ол 1985 жылы туған облыс орталығының тұрғыны. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button