Қызылорда облысы

Қызылордалық көпбалалы ана баспаналы болды

0
(0)

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында қызылордалық көпбалалы ана баспаналы болды, – деп хабарлайды Newsroom тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мереке қарсаңында 4 баланың анасы Гүлнар Қалибаеваға баспана кілтін табыстап, отбасын қуанышқа бөледі.

Гүлнар осыдан бірнеше жыл бұрын отағасынан айрылып, 4 баламен жалғыз қалған. Асыраушысынан айрылған отбасының тұрақты баспанасы болмағандықтан пәтер жалдап тұрып келген. Соңғы кезде шарасыздықтан вагонды паналаған.

Бұл жанұя туралы алғаш болып жергілікті журналистер мен қайырымды жандар БАҚ беттерінде және әлеуметтік желіде мәселе көтеріп, көпшіліктен көмек сұраған. Осы жағдайдан кейін, облыс әкімінің тапсырмасымен көпбалалы ана әлеуметтік қолдау орталығына уақытша орналастырылса, бүгін тұрақты да жайлы баспананың кілтіне ие болды.

Отбасы мерекесі қарсаңында баспана бақытына бөленген Гүлнар мен балалары аймақ басшысына шексіз алғыстарын білдірді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Scroll Up
Close