Қызылорда облысы

Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Қызылорда облысындағы сайлауалды кездесулері өтті. Ол жақын және шалғай жатқан елді мекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына ат басын бұрды.

Облыстағы үлкен аймақтардың бірі болып саналатын Арал қаласында ол жергілікті халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұдан бөлек, кандидат осы өңірде ұлттық және отбасылық құндылықтарды негізге алып, кәсібін дөңгелетіп отырған отбасылық бизнес өкілдерімен кездесті.

Аралда қозғалған маңызды тақырыптар Қызылорда қаласындағы кездесуде жалғасын тапты. Жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесі, отбасы институтының мәні талқыланды.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 13 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.