Қызылорда облысы

Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Жақын және шалғай жатқан елді мекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына барды.

Қарақат Әбден облыстағы үлкен аймақтардың бірі болып саналатын Арал қаласында жергілікті халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұдан бөлек, кандидат осы өңірде ұлттық және отбасылық құндылықтарды негізге алып, кәсібін дөңгелетіп отырған отбасылық бизнес өкілдерімен әңгімелесті.

Арал өңірінде қозғалған маңызды тақырыптар Қызылорда қаласындағы кездесуде жалғасты. Жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесі, отбасы институтының мәні талқыланды. Кандидат қоғам дертіне айналған синтетикалық есірткі, құмар ойындар мен жат мәдениетке еліктегіш жастардың әрекеттеріне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жат қылықтардың өршуіне ұлттық құндылықтардың тиісті деңгейде насихатталмауы, отбасы тәрбиесінің әлсіреуі себеп.

Кездесуде ұлттық киім мәселесі де сөз болды. «Ұлттық киім – эстетикалық сән ғана емес, халқымыздың тәлім-тәрбиесін, жастардың бойына патриоттық сезім сіңірудің ең тиімді құралы. Дәстүр де, өнер де, халқымыздың философиясы да ұлттық киімімізде жатыр. Сондықтан ұлттық киім өндірушілерге барынша қолдау көрсетуіміз керек», деді Қарақат Әбден.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 13 қала мен бірнеше ауылдық елдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.