Қызылорда облысы

Сұмдық-ай! Қызылордалық баланың ішінен 1,5 келі шаш шыққан

Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына түскен төрт жасар ұлдың асқазанынан бір жарым келі шаш шықты, деп хабарлайды Zamana.kz ақпараттық порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Хирург Әлімжан Төлегеновтың айтуынша, соңғы кезде баланың тәбеті болмай қалды. Іші ауырып, құса берген. Содан ата-анасы ауруханаға алып келген. Диагностика кезінде ісікке ұқсас зат анықталды.

«Асқазанның алып трихобезоары» деген диагноз қойылды. Содан шұғыл операция жасауға шешім шығарылды. Ота сәтті өтті», – дейді Төлегенов.

Ұл баланың асқазанынан бір жарым келіге тартатын шаш шықты. Кесектің ұзындығы – 40 сантиметр.

Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы, ол хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Ол тағы он күндей емделеді.

Айта кетсек, трихобезоар – бұл асқазандағы жиналған шаштар, көп жағдайда, тас болып қатып қалады. Кей кезде балалар шашты шайнап, жұта береді. Соның бәрі асқазанда жиналады.

Бірнеше жылдан кейін бала тамақ іше алмай қалады. Содан тәбеті бұзылып, құса бастайды.

 

«Замана»-ақпарат.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.