Қылмыс/ОқиғаСолтүстік Қазақстан облысы

СҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивисті ұсталды

5
(1)

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивисті ұстады, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысының 39 жастағы тұрғыны тонау әрекеті үшін сотталып, оған бас бостандығын шектеу жазасы кесілген. Сотталушы жазасын өтемей, ізін суытқан. Ақпан соңында оған Рудный қаласының полиция бөлімі мемлекетаралық іздеу жариялады.

Қылмыскер Петропавл қаласынан болғандықтан Солтүстік Қазақстан полицейлері қылмыскердің жүруі мүмкін жерлерді тексерді. Жедел-іздестіру шаралары барысында сотталушының жүрген жері анықталды. Ер адам танысының үйінде жасырынған. Қазіргі уақытта қылмыскер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Іздеудегі адам түрлі қылмыс жасап, бірнеше рет істі болған. ҚР ҚК-ның 44-бабы «Бас бостандығын шектеу» жазасына ауыстырылады», – деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Жыл басынан бері өңірде төрт қылмыскерге іздеу жарияланып, оның екеуі ұсталған. Криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан өңірлерінен және Ресей аумағынан үш қылмыскерді ұстады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button