Қостанай облысында жолаушылар тасымалдайтын көлік жол үстінде түгі қалмай жанып кетті

 381 

Оқиға Қашар кентіндегі жанар-жағармай бекеті маңында болған.

Қостанай облысында «Volkswagen t4» көлігі отқа оранды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Қашар кентіндегі жанар-жағармай бекеті маңында болған. Жолаушылар тасымалдауға арналған «Volkswagen t4» автокөлігі жол үстінде өртеніп кеткен.

«Өрт ауқымы 4 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша көлік қозғалтқышындағы сымдар тұйықталып, өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше көлік түгелдей жанып кетті. Қазір шығын көлемі есептелуде», – делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:


Және де: