Қостанайда 17 жастағы жігітті 3 аптадан бері «су астынан, жер бетінен» іздеп жатыр

 289 

Қостанай облысының Алтынсарин ауданында 19 күн бойы із-түзсіз жоғалған Руслан Жуванышевті іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері, еріктілер мен ТЖД қызметкерлері су астынан де және жер бетінен де 17 жастағы бозбаланы іздеп жатыр.

Сүңгуірлер аудандағы төрт көлден іздеді, қамыс арасын тексерді, бірақ ешбірі нәтиже бермеді. Бірнеше күн бойы дрондар ұшып, адамдар аумақты тінтіп шықты, бірақ бұл да нәтиже берген жоқ.

«»Көптеген орындарды бірнеше рет тексеріп өттік. Алғашқы күндері барлық жергілікті тұрғындар шықты», – дейді учаскелік полиция қызметкері Темірлан Ағыбаев.

Оның сөзінше, жігіттің теріс қылықтары болмаған.

«Не болғанын түсіне алмаймыз», – деді Темірлан Ағыбаев.

Із-түссіз жоғалған жігіттің туыстары көріпкелдер мен балгерлерге барған, олар жігіт жақын арада табылады дегенмен, әлі ешқандай хабар жоқ екен.

Русланның анасы абыржулы. Қақпаның әр дыбысына елеңдейді. Жігітті Карина есімді қарындасы да күтіп жүр.

Руслан сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні жоғалып кеткен. Ол кезде достарымен балық аулауға барған. Ұялы телефоны арқылы соңғы қоңырау сағат 00:18-де болған, досы хабарласқан.

Руслан Жуванышев Сарыкөл колледжінде оқыды. Сәуір айында төтенше жағдай салдарынан үйінде болған.

Басылымға белгілі болғандай, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:


Және де: