Қостанай облысы

Жигули Дайрабаевтың штабы қостанайлықтармен жүздесті

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов Қостанай облысына барды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Ол жергілікті халықты кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Ауыл» партиясының Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені мен ауылдық елді мекендерін дамыту мәселелеріне қатысты негізгі ұстынымдары туралы айтып берді.

Кандидаттың сенімді өкілі Қайрат Айтуғанов Қостанай ауданының Заречный кентінде орналасқан «Тарра» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті. Шаруашылық басшысы Владимир Семейкин «Тарра» тауарлық және тұқымдық картоп, сондай-ақ қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз тәрізді көкөністер өндірумен айналысатынын айтты. Көкөністерді өндірудің тұқым отырғызудан бастап дайын өнімді сатуға дейінгі барлық үдерісі механикаландырылған, автоматтандырылған, мамандар бақылауымен жүзеге асырылады және жаңа технологиялардың барлық талабына жауап береді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.