Қостанай облысыҚылмыс/Оқиға

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды

0
(0)

Қостанай облысында 7 адам жол апатынан қаза тапты.

Оқиға Қостанай – Әулиекөл тасжолында болған. Өңірдегі Полиция департаментінің мәліметінше, сағат шамамен 16:30-да Новонеженка мен Лаврентьевка ауылдарының аралығында екі жол талғамайтын көлік бетпе-бет соқтығысқан.

Lexus Нұр-Сұлтаннан Қостанайға бара жатқан, Mitsubishi Pajero жүргізушісі облыс орталығына қарай бет алған.

«Шақыртуға екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Апаттан екі көлікте болғанның бәрі қаза тапты – жеті адам. Lexus-тегі үш ер адам және Mitsubishi-дегі төрт ер адам және үш әйел оқиға орнында қаза болды», – деп хабарлады Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға орнында облыстың полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button