Қарағанды облысыҚылмыс/Оқиға

Қарағанды облысында ер адам үйінен шығып, қайта оралмады

0
(0)

Қарағанды облысында ер адам үйінен шығып, қайта оралмады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 ақпан күні Шет ауданы Ақжал ауылдық округінде ер адам жоғалғаны туралы ақпарат түскен.

Тұрғынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, полиция мен әкімдік қызметкерлері іздеді.

«60 жастағы ер адам 25 ақпанда күндіз белгісіз бағытқа шығып, оралмады. 26 ақпан 17:15-те іздеу тобы ер адамның денесін тапты», – деді департаментте.

Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты елді мекен сыртына шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ, жылы киіну қажет.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button