Қарағанды облысыҚылмыс/Оқиға

Қарағандыда сот судьясы карантин талаптарын бұзған (видео)

0
(0)

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков анасының мерейтойын жасап, карантин талаптарын бұзған. Оны кезекті рейд барысында мониторингтік топ әшкереледі.

Бейнежазбадан Исабековтің тәртіп сақшысынан бетпердесін шешуді талап етіп, дөрекі сөйкескенін көруге болады.

Айта кетейік, отбасылық мереке жергілікті «Рубин» мейрамханасында қаңтардың 23-і күні өткен. Бірақ бұл жайында енді ғана белгілі болып отыр. Мониторингтік топ карантин талаптарын бұзған бұл деректі осы кезге дейін жария етпеген. Тек аты-жөнін жасырған автор болған жайдың барлығын әлеуметтік желіге жүктеген. Айтуынша, бұл үшін судьяға ешқандай әкімшілік жаза қолданылмапты және бұл жайт мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметтер базасына да енгізілмеген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button