Қарағанды облысында карантин ережелері күшейтілуі мүмкін

 171 

Қарағанды облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны рекорд орнатты. Онда бір тәулікте 24 адамнан COVID-19 анықталған. Осылайша облыста науқастардың саны 300-ге жеткен, – деп хабарлайды Newsroom + тілшісі  «Хабар24». сілтеме жасап.

Облыстың бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың айтуынша, бір апта ішінде бұл көрсеткіш 7 пайыздан асатын болса, карантин ережелері күшейтіледі, яғни санитарлын нормаларды бұзған дүкендер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады.

Оның айтуынша, облыста соңғы үш күнде COVID-19 көрсеткіші 8,9 пайызға жеткен.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ботақара мен Теміртау ауылдарында әлі күнге дейін каратин ережелері қатаң сақталып жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 7234-ке жетті.

Бөлісу: