Қарағандыда 6 айлық нәресте коронавирус жұқтырды

 239 

17 сәуірде таңертең елімізде коронавирус жұқтырудың жаңа деректері анықталды. Атап айтқанда, олардың үшеуі Қарағанды облысында тіркелген. Белгілі болғандай COVID-19-ды 6 айлық нәресте жұқтырып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус анықталған үш адамның бірі – 6 айлық сәби. Белгілі болғандай оның ата-анасы вирус жұқтырғандардың қатарында.

Сондықтан инфекциялық госпитальда ем алып жатқан. Ал балалары провизорлық госпитальде болған. Нәрестеге алынған талдау оң нәтиже көрсеткен.

Вирусты жұқтырған екінші адам да облыс орталығының тұрғыны. 41 жастағы ер адам COVID-19 анықталған адаммен жақын байланыс жасағандар тізімінде болғандықтан, стационарға жатқызылған.

Үшінші азамат – 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол бұған дейін инфекция жұқтырған адамның жақын араласатын таныстарының бірі болып шыққан.

17 сәуір 12:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1480-ге жеткен. Олардың 87-і Қарағанды облысында тіркелген. Өңірде коронавирустан бір адам көз жұмып, 4 адам жазылып шыққан.

Бөлісу:


Және де: