Қарағанды облысында терезеден құлаған екі бала ауыр халде жатыр

 186 

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті. Бірі – төрт жасар болса, екіншісінің жасы – екіде. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, – деп хабарлайды  NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Төрт жасар бала Балқаш қаласында бесінші қабаттан құлап кеткен. Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда. «Бала бесінші қабаттың терезесінен құлаған, ауыр жарақат алды. Шұғыл түрде ота жасалды, көкбауыры алынып тасталды. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақтанды.

Бүгін беті бері қарай бастады», – деді Х.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия клиникасы ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев. Бүгін Қарағандыда екінші қабаттағы пәтердің терезесінен 2018 жылғы бала құлап кетті. Қайғылы оқиға 9:55-те болды. Кішкентай қыз клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Бұл – осы жылы облыста болған бесінші жағдай. Былтыр облыс бойынша 20 бала терезеден құласа, соның төртеуі мерт болды.

 

Бөлісу:


Және де: