Қарағанды облысы

Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілді

Атын өзгерту туралы шешім көпшілік дауыспен бекітілді.

Қарағандыда Октябрь ауданы атауы өзгертілді. Енді ауданға Алаш үкіметінің жетекшісі Әлихан Бөкейханның есімі беріледі, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Қарағандыда облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы өтіп, оның барысында Октябрь ауданының атауын өзгерту мәселесі қаралды. Сессия жұмысына аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қатысты. Депутаттар мен әкімдік бірлесіп шығарған шешім бойынша, Октябрь ауданы атауы өзгертілді.

«Сессияда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру туралы бұрын дайындалған әкімдік пен мәслихат қаулысы қаралды. Енді аудан Әлихан Бөкейхан ауданы болып аталмақ. Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді», деді Қарағанды ​​облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өкілі.

Айта кетейік, биыл наурызда Қарағандыда Октябрь ауданының атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен болатын. Тыңдаулар қаланың әртүрлі бөлігінде 15 жерде өтті. Атын өзгерту туралы шешім көпшілік дауыспен бекітілді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.