Қарағанды облысыҚылмыс/Оқиға

Қарағанды облысында жасөспірімдер мінген мотоцикл көлікке соғылып, бір бала қайтыс болды

0
(0)

 

Жезқазған-Қарағанды тас жолында мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан мотокциклде отырған 11 жастағы бала көз жұмды.

5 маусымда Жезқазған-Қарағанды тас жолында 14 жасар жасөспірімнің жүргізген «Восход» мотоциклі мен Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклде отырған 11 жастағы бала қайтыс болды. Ал, мотоцикл жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Скутер, мопед және мотоцикл қазіргі уақытта кәмелет жасқа толмағандар арасында ерекше қызығушылық тудыратын көлік құралының бірі. Олар аталған көлікті жүргізгенде қауіпті жағдай туралы оайламайды. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін ата-аналары да бақылауда ұстамайды. Олар балалардың жасына және көлікті жүргізу тәжірибесіне де мән бермейді. Егер, балаларыңызға заманауи көлік құралын сатып әпергілеріңіз келсе, олардың 16 жасқа толғанын күтіңіз. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі мен көлікке мінердегі қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіңіздер. Ең бастысы балаларыңыздың жүргізу тәжірибесімен және жүргізуші куәлігінің болуын қамтамасыз ету қажет», – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button