Қарағанды облысыҚылмыс/Оқиға

Қатты қорқып айқайлап жіберген: Қарағандыда әйел баласын далаға тастап кеткен

0
(0)

Қарағандыда нәрестесін есіктің алдына тастап кеткен ана ізделуде. Оқиға туралы куәгерлер айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  КТК арнасына сілтеме жасап.

Белгісіз біреулер пәтердің қоңырауын басып, қызды қалдырып кеткен.

«Бұл кезде Стастың әйелі ояу болған. Дыбысты естіп, есікті ашқаннан кейін қатты қорқып айқайлап жіберген», – дейді куәгерлер.

Стастың сөзінше, ол да сол уақытта оянып, жан-жақты қараған кезде сәбидің жанында ешкім болмапты.

«Бала ұйқтап жатқан болатын. Артынша дәрігерлер мен полицейлер келді. Оқиға түн жарымда болды. Нәресте жылы әрі таза киінген еді», – дейді куәгерлер.

Тұрғындар бірден полицей мен жедел жәрдем шақырған. Олар нәрестені тамақтандырып, оған қамқорлық та көрсетті.

Қазір нәресте ауруханаға жеткізілді. «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша іс қозғалды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button