Қарағанды

Қарағандыда жалдамалы жұмысшылар бригадир мен коттедж үй иесін өлтіріп кеткен

Күдіктілер Қарағанды-Теміртау тас жолында ұсталған.

Қылмыс 4 қараша күні түс ауа жекеменшік үй ауласында болған. Онда құрылыс бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Үйдің 59 жастағы иесі мен 72 жастағы бригадир жұмысшылармен бірдеңе бөліспеген. Жанжал болды. Куәгерлердің айтуынша, құрылысшылар пышақ қолданған.

Олардың құрбандары сол жерде көз жұмды. Содан кейін жігіттер қаза тапқандардың бірінің көлігін ұрлап кеткен. Бұл туралы  newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Көлік бірден бейнебақылау камераларының объективіне түсіп, күдіктілер Қарағанды-Теміртау тас жолында ұсталған.

«Ұсталғандар (34 және 39 жастағы ер адамдар) мойындады. Қылмыс құралы тәркіленді», – деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

«Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.