Маңғыстау облысы

«COVID-19 жұқтырған науқастарға орын жоқ». Ақтау ауруханаларында не болып жатыр?

2
(2)

Ақтауда дәрігер науқастар жатқан провизорлық орталықты видеоға түсірді.

“Коронавирус – бос сөз, саясатшылардың жәй әңгімесі” деп жүрген ағайын. Бойындағы ауыр дерт алып жығып, осындай мүсәпір халде жатқан мына кісілердің жағдайы сіздерге ой салар деген үміттемін. Бейнематериал Ақтау қаласында түсіріліпті. Дәл осындай көріністі республиканың басқа жерлерінен де табуға болатын сияқты. Қорқынышты. Өте қорқынышты.Абайлаңыздар!

Опубликовано Серіком Абасом-шахом Четверг, 25 июня 2020 г.

Видео 24 маусымда коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдап алып жатқан кезде түсірілген. Оны Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығы жариялады.

«Видеодан науқастарға орын жоқ екенін көруге болады. Қазіргі таңда науқастар жаңа провизорлық орталыққа жіберіліп жатыр. Стационар тиісті медициналық аппараттармен жабдықталған. Біз бұл видеоны адамдарды қорқыту үшін емес, қауіпсіздікті сақтау үшін жарияладық. Қазіргі таңда санитарлық талапты орындау өте маңызды. Оқшауланыңыздар. Үйден шықпауға тырысыңыздар», – дейді облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығының мамандары.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close