Маңғыстау облысы

Ақтаулық пианист қыз республикалық байқауда Гран-при иегері атанды

0
(0)

Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің оқушысы Амина Ақшина жас музыканттар бақ сынаған ел байқауында топ жарды. Осымен 53-рет ұйымдастырылған байқау алғаш рет онлайн түрде өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Яғни, сайысқа қатысушылар өздері оқитын өнер мектебінде алдын ала бейнетүсірілім жасап, қазылар алқасына жолдаған. Аминаның жеңімпаз атануына ұстазы Любовь Митянина мен туған анасының сіңірген еңбегі ерен екенін айта кеткен жөн.

Осының арқасында пианист қыз мектеп бағдарламасынан күрделі саналатын көптеген музыкалық туындыларды еркін ойнап шыға алады.

Республикалық өнер байқауына биыл хор ұжымдары да қатысып, өз өнерін ортаға салды. Қуантарлығы, бұл аталым бойынша жүлде алғандардың қатарында маңғыстаулық өнерпаздар бар.
Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің хормейстері Наталья Олейнюк пен концертместер Наталья Стаховсхая басқаратын хор ұжымы арнайы Дипломға лайық ден танылды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы өнер байқауларында жеңімпаз атануына тілектеспіз!

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close