Маңғыстау облысы

Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесті

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді.

«Жалғызбасты аналар алимент сұрамауы керек, бұрынғы күйеуі мен бірге тұратын адамдарының артынан жүгірмеуі керек. Кез келген ана балаларын өсіреді, оларға білім, лайықты тәрбие береді. Алайда әйелдер барлық жауапкершілік жүгін өз мойындарына көтермеуге тиіс», деді Салтанат Тұрсынбекова.

2021 жылы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алимент төлемегені үшін 300-ден астам борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бүгінде қарыздың жалпы сомасы жүздеген миллиард теңгені құрап, сот орындаушылар жүздеген істерді қарап жатыр.

Жалғызбасты аналар алимент өндірудің қолданыстағы әдістері тиімсіз деп санайды. Кандидаттың айтуынша, алимент өндірудегі негізгі мәселелердің бірі – борышкердің кірісін анықтаудың тиімді әдістерінің жоқтығы. Егер борышкерде жұмыс болмаса және жұмыс іздеуге тырыспаса, онда алименттік қарыз орташа республикалық жалақыға сүйене отырып айқындалады. Салтанат Тұрсынбекова сарапшылардың деректеріне сүйене отырып, төрт таңбалы айып¬пұл салу немесе екі жылға дейін қамауға алу түріндегі жаза қол-данылмаса, жауапсыз әкелердің алимент бойынша міндеттемелерін орындату іс жүзінде мүмкін емес екенін айтты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.