Маңғыстау облысы

Ақтау маңында КамАЗ жүргізушісі пойызға соғылды

0
(0)

Маңғыстау облысында КамАЗ бен тауар тасымалдаушы пойыз соғылды, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты өңірдегі полиция департаменті растады.

«Аталған жол-көлік оқиғасы Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында 10 сәуірде таңғы сағат 9-да болған», – делінген ведомство хабарламасында.Ақпарат бойынша, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін елемей, тауар пойызымен соқтығысып қалған. Зардап шеккендер жоқ.

Жүк автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы (көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама жазылды.»Материал әкімшілік сотқа жіберіледі», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close