Қылмыс/ОқиғаПавлодар облысы

Павлодарда балалар алаңында спирттік ішімдік ішкендер жауапқа тартылды

5
(1)

Павлодарда балалар алаңында спирттік ішімдік ішкендер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Облысымыздың көптеген тұрғындары спирттік ішімдіктерді ішуге және қоғамдық орындарға мас күйінде келуге  тыйым салынғаны туралы тіпті  ойламайды. Мәселен, балалардың ойын алаңында үш кісі өтіп бара жатқан адамдардан ұялмай ішімдік ішкен. Балаларымен серуендеп жүрген қала тұрғындары бұзушыларға бірнеше рет ескерту жасап, алаңнан кетуді сұрады. Бірақ олар мұндай ескертуді елемеген. Содан кейін павлодарлықтар полицияға қоңырау шалды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Аталған құқықбұзушылар Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізіліп, ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған ұқсас жағдай 25 мамырда Екібастұзда да орын алды. Сағат 01:22-де полицияға Дүйсембаев көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары хабарласты, олар үйдің ауласында екі жігіт спирттік ішімдік ішіп жатыр  деп шағымданды. Келген полиция қызметкерлері жігіттерді Уақытша бейімдеу және детоксикациялау  орталығына жапқан, сонымен қатар оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ғалым Сарғұловтың айтуынша, ағымдағы жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), яғни  440-бабын бұзғаны үшін өңірдің 4000-ға жуық тұрғыны анықталған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button