Қылмыс/ОқиғаПавлодар облысы

Павлодар облысының түрмесінде 44 жастағы сотталған педофилді өлтірген

4.3
(36)

Павлодардағы қатаң режимдегі колонияда педофилия бойынша сотталған қылмыскер өлтірілген. Бұл туралы Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері айтты.

Оқиға 8 мамырда кешке болған.

«Павлодар облысының ҚАЖ мекемесінде сотталғандардың бірі екіншісін өлтірді. 8 мамырда Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы сотталған жанжал нәтижесінде басқа қамаудағы адамға өмірімен үйлеспейтін қасақана дене жарақатын салған.

Оқиға мекеменің санитарлық торабының ғимаратында кешкі уақытта болған. Зардап шегуші медициналық көмекке және мекеме әкімшілігіне шағыммен және өтініштермен жүгінбеген. Алған жарақаттарының нәтижесінде сотталған адам 09 Мамырда жасақтағы өз жатын орнында қайтыс болды. Шұғыл шақырылған жедел жәрдем бригадасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі, 1-тармағы (Зорлау) бойынша жазасын өтеген адамның қайтыс болғанын анықтады.

Мән-жайларды анықтау мақсатында оқиға орнына тергеу-жедел тобы, прокуратура, өзіндік қауіпсіздік қызметі және ҚАЖ департаментінің өкілдері келді. Сондай-ақ, ұлттық алдын алу тетігінің және қоғамдық бақылау комиссиясының қатысушылары шақырылды» деді ҚАЖ ресми түсініктемесінде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 36

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button