Жамбыл облысы

Жамбыл облысында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 34 жаңа тұрғын үйдің құрылысына 8,9 млрд теңге бөлінген.

Тараз қаласында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 21 тұрғын үйден 1 091 пәтер пайдалануға берілген. Өңірлік коммуникация қызметінде өткеп брифингте Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев осылай мәлімдеді.

Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 34 жаңа тұрғын үйдің құрылысына 8,9 млрд теңге бөлінсе, қыркүйек айында 26 тұрғын үйдің құрылысына 7 млрд теңге түскен. Сондай-ақ, осы жылы онкологиялық орталық бой көтерген. Бұл да қаладағы сан жылдардан бері келе жатқан өзекті проблеманың бірі болатын. Заманауи құрал-жадықтармен жабдықталған диспансерде дұрыс ем қабылдауға бар жағдай жасалған.

«Биыл Таразда сақалды құрылыстар мен қызыл сызық бойында тұрған нысандар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілді. Бүгінде құрылысы ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған 12 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 23 нысан бойынша материалдар сотқа жолданды.

Инфрақұрылымды дамыту, инженерлік-коммуникациялық жүйелерге байланысты мәселе қала әкімдігіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің 46%-ын, әлеуметтік желілердегі көтерілетін мәселелердің 80%-ын құрайды.

Ағымдағы жылы 10 көшенің су құбыры жүйелері жөнделді. Қаладағы 26 көшеге ұзындығы 44,4 шақырым жол және 12,5 шақырым шағал жол орташа жөндеуден өткізілуде. Қазір 17 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталса, 8 нысанда жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде 30 жылдай асфальт жабындысы салынбаған Сухамбаев көшесінің 3-бұрылысы, Әулиеата, Есенин көшелері бар», — деп атап өтті Е.Жылқыбаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.