Жамбыл облысы

Қараша айында Таразға 60 жаңа автобус келеді

0
(0)

«Қоғамдық көлік тасымалдаушы мекемелермен автобус парктерін жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда, «City-bus» ЖШС 10 бірлік «Golden Dragon» маркалы үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алды. Бұл туралы tarazy.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. 

Қараша айында «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан 10 бірлік, «City-Bus» ЖШС тарапынан 50 бірлік автобус жаңартылады. Қыркүйек айынан бастап қалалық автобус бағыттарының жұмыс уақыты ұзартылып, бағыттарға қосымша автобустар қосу арқылы олардың жүру аралықтары қысқартылды.

Бүгінде қаладағы базарларды ретке келтіру жұмыстары да назарда. «Мыңбұлақ» шағын ауданында «Зарина», «Гауһар» сауда орталықтарының маңында орналасқан бутиктерді алдық. Бұрынғы бутиктердің орнын абаттандырып жатырмыз. Ал, саудагерлерге «Айрылмас», «Жібек жолы» базарларынан орындар берілді», — деді Ержан Жұматұлы.

«Ауыл Береке» базарында өртке қарсы қауіпсіздікті зерделеу үшін жоспардан тыс өрт-техникалық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 4 өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының бұзылуы орын алып, базар басшылығы ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.

Қалабасы «Қақпасыз қала» қағидасымен 150-ден астам қоршау мен 500-ге жуық бейберекет жарнама, 20-дан аса рұқсатсыз қойылған дүңгіршек алынғанын жеткізді. Бұның барлығы қала көркін бұзатындықтан, жұмыстар табанды түрде жүргізілген.

«Дизан код» жобасы бекітілді. Ғимараттардың қасбеттері, коммерциялық нысандар мен сауда павильондары «Дизайн кодқа» сәйкес безендірілуде, 10 үйдің қабырғасына муралдар салынды, 5 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбеттерін сырлау жұмыстары жүргізілді. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының үлгісінде қалаға жаңа форматтағы МАФтар, күндіз-түні жанып тұратын бағдаршамдар, сары және қызыл жолақты жол белгілері, проекциялық жаяу жүргіншілер жолы орнатылды. Қаланы жылдың 4 мезгіліне сәйкес безендіру жұмыстары жүргізілді», — деді Е.Жылқыбаев.

Ол «Таразға тарту» жобасы туралы да әңгімеледі. Бүгінде жоспарланған 42 нысанның 40-ғында абаттандыру жұмыстары толық аяқталып, халық игілігіне берілсе, 2-уінің жұмысы әлі жалғасуда. Сондай-ақ жыл соңына дейін «Үшбұлақ» және «Қарасу-3» арналарының жағалауын жаңарту жұмыстары аяқталмақ. Жоба аясында ашылған «Үстел теннисі және гимнастика», «Анаға тағзым» орталықтары, «Денсаулық» саябағы мен скверлер, воркауттар, «Сәби» және «Самұрық» қорларының балалар ойын және спорт алаңдары, қант зауыты аймағындағы 1969 жылдан бері жөндеу көрмеген «Ана мен бала» сквері қаланың көркіне айналды.

«Ағымдағы жылы 959,2 млн теңгеге 6 306 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 8 918 азамат қамтылды және тұрақты жұмыс орындарына 5 261 адам орналасты. Көпбалалы аналардың мәселесі олармен тұрақты түрде диалог орнату арқылы жүйеленді. Кеше ғана ашылған «Анаға тағзым» орталығы бұл жұмысқа қосымша септігін тигізеді. «Асарлатып үй салу» жобасы да іске асуда. Биыл Таразда осы жоба аясында 15 үй соғылуда. Жыл соңына дейін мұқтаж отбасыларға табысталатын болады», — деп уәде берді шаһар басшысы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button