Таразда төтенше жағдайға байланысты 1937 сауда нысандар жабылған

 758 

Тараз қаласы әкімінің өкімімен аумақтық округтерге қарасты көшелердің жай-күйін анықтайтын арнайы 13 мобилдік топ құрылған, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бүгінде мобилдік топ мүшелері бекітілген аумақтағы сауда орындарын, көшелерді аралып тұрғындардың тазалық жұмыстарына қаншалықты белсенділік танытқанын анықтауда.

Төтенше жағдайға байланысты 1937 сауда нысандар жабылған. Бүгінде мобилдік топ мүшелері крантиндік режимнен шығуға рұқсат берілетін нысандардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеруде. Кәсіпкерлер өзінің аумығын көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, дүкенін сырлап, әрлеп, арықтарын қоқыстан тазалау тиіс. Арнайы санитарлық құралдармен жабдықтап, әкімдікпен мемарандумға отыруы шарт. Санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда мобилдік топ мүшелері кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуға құқылы.

Қала аялдамаларындағы өзгеріс

Тараз қаласындағы бұдан 3-4 жыл бұрын аялдамаларға шыны орнатылған болатын. Осы аялдамалар тұрғындардың жарнама парақшаларына толып, кейбірінің әйнектері сынып, қаңқасы тұр. Бүгінде қала билігі аялдамаларды қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Ұлттық оюлармен безендірілген темір, пештен шыққан, қағаз желімделмейді.

Қала бойынша 624 аялдама болса, 87 аялдаманың шатыры ұшқан, жан-жақтары сынған, жөндеуді қажет етеді. 152 аялдама соңғы 10-15 жыл көлемінде орнатылған. 185 аялдама кеңес кезінде ортнатылған. Биылғы жылы 41 аялдама жаңа архитектуралық үлгіге ауыстырылады.

Қала көшелерінде, аялдамаларда орнатылған жарнама тақтайшаларының бүгінгі келбеті қала сәнін қашырып отыр. Көктемгі санитарлық тазалық кезінде қала көшелерінде жарнама жапсырылған тақташалар алынып тасталуда. Жапсырылған хабарландырулардан тазартылып, темір аялдамалардың бояулары күйдіріліп, қайта сырлануда.

Тараз қаласы күн санап түрленіп, сәулеттік келбеті артып келеді. Екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһар көшелерінің жол жабындыларын қалпына келтіру де бүгінде өзекті мәселелердің бірі. Былтыр коммуналдық меншікте ұзындығы 996 шақырым құрайтын барлығы 576 көше тіркелсе, түгендеу жұмыстары барысында 1531 шақырымды құрайтын 1330 көше анықталып отыр.

Сондай-ақ, қаладағы көше жабындыларын реттеу үшін арнайы үш жылдық Жол картасы да бекітілген болатын. Картаға сәйкес, бірінші кезекте мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары сияқты әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын, инженерлік жүйелермен толығымен қамтылған, көшелер жөнделу көзделуде.

Бұл бағытта 2019 жылы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 100,0 миллион теңге бөлініп, 22000 шаршы метрді құрайтын қоғамдық көлікпен қамтылған 86 көшені қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 8900 шаршы метрінде, яғни 36 көшеде нақты жұмыстар атқарылды. Қалған жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, қаладағы 29 жоба бойынша ұзындығы 75 шақырымды құрайтын 148 көшеге құны 1,5 миллиард теңге болатын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бөлісу:


Және де: