Жамбыл облысы

Шымкентте жоғалып, Тараздан табылды

5
(1)

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жоғалған қызды Тараздан тапты, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 26 қарашасында «102» нөміріне әйел хабарласып, 12 жастағы қызының жоғалғанын айтып, полициядан көмек сұраған. Шымкент қаласы полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері оқушыны шұғыл іздеуге кіріскен.

«Жоғалған қыз көпбалалы отбасында тәрбиеленген. 26 қарашада 12 жастағы қыз қаладағы «Алаш» базарына барып, үйіне оралмаған. Іздестіру барысында тәртіп сақшылары қызды Тараз қаласынан тапқан. Ол Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде болған», – делінген хабарламада.

Абай ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Орынбек Өмірзақ қызды Шымкент қаласына жеткізген.

Қазіргі таңда психолог жасөспіріммен жұмыс жүргізіп жатыр. Оқушының анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтып, оларға ризашылығын білдірді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button