Жамбыл облысы

Жамбылдағы облыстық айтыста Шу ауданы үздік шықты

0
(0)

23 маусымда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының мәдениет үйінде облыстық ақындар айтысы өтті, — деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Тarazy.kz.-ке сілтеме жасап.

«Құтқа толы Хан тауының қойнауы, Мойынқұмым — Жаз атамның жайлауы» атты облыстық ақындар айтысы ҚР  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл толуына,  Социалистік Еңбек Ері  Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жыр додасына облыс бойынша 16 айтыскер ақын қатысты.

Ақындар айтысы басталмас бұрын Жаз ата ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етілді.

Айтыс барысында ақындар Тәуелсіздігіміздің тұғырын текті жырлармен толғап, Мойынқұм ауданының тарихын, тәуелсіздікке жету жолында тер төккен ерлердің еңбегін, елдің бірлігін, берекелі тірлігін жырға қосты.

Сайыс қортындысы бойынша бас жүлдені Жуалы ауданынан келген Қанат Мырзахан қанжығасына байлады. Бірінші орынды Мойынқұм ауданынан келген Ғабит Есдәулетов иеленді. Т.Рысқұлов ауданының намысын қорғаған Асхат Қылышбек және Байзақ ауданынан келген Дархан Әбдіманат екінші орынды қанағат тұтты. Ал жүлделі үшінші орын Жуалы ауданының тумасы Дидар Апбасовқа және Нұрлыбек Құрмановқа, сондай-ақ Тараз қаласынан келген Медеу Мырзатай мен Төлеби Тәңірбергенге бұйырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button