Жамбыл облысыҚылмыс/Оқиға

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеуге алынды

0
(0)

Коронавирус пандемиясынан пайда тапты деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Қалиевке Ақтөбе облысында жүрген кезінде медициналық қондырғы алуға бөлінген қаржыны талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. Қаражат қауіпті індетпен күресу үшін қазынадан бөлінген. Мәліметтерге сүйенсек, Ақтөбе облысының бұрынғы денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бірге тағы бірнеше адам тергеліп жатыр. Бірақ құзырлы орындар бұл туралы ашық ақпарат бермеген. Әсет Қалиев Ақтөбе облысының бас дәрігері қызметінен өткен жылы жазда босатылған. Артынша Жамбыл өңірінің басшысы Бердібек Сапарбаев оны Таразға шақырып алған. Алайда үстінен қылмыстық іс қозғалып жатса да, шенеуніктің әлі мемлекеттік қызметте жүргенін әріптестері растап отыр.

Қазіргі уақытта Ақтөбедегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеумен айналысып жатқаны белгілі болды. Бірақ шенеуніктің қаржыны қалай талан-таражға салғанын әзір жария ете алмайтындарын мәлімдеді.

Іс қозғалғанын растаймыз. Бұрын хабарлағанымыздай, қазір қылмыстық іске қатысты қандай егжей-тегжей жарияла алмаймыз», – деп түсініктеме берді Ақтөбе облысы жермқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Дархан Мүсіров.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button