Планшетке таласқан – Таразда болған трагедияның мән-жайы

 461 

Жасөспірім қарындасын балғамен ұрып өлтіріп, түк болмағандей көппен бірге іздеуге кіріскені айтылып отыр.
Таразда планшетке таластың соңы қайғылы аяқталып, туған қарындасын өлтірді деген күдікпен 15 жастағы бала ұсталды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Sputnik.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жасөспірімнің арнасы.бұл әрекетіне қыздың гаджетті бермей қойғаны себеп болған көрінеді. Көршілерінің айтуынша, 10 жастағы қыз ұйқыға жатқанда ағасы балғамен ұрыпты. Күдікті дереу қамауға алынып, тергеу басталды.

Қаланың шеткі ауданындағы қанды қылмыс түнгі 12 шамасында болды. Қаралы үйдің көршілерінің айтуынша, ағасы мен қарындасы арасындағы планшетке талас күндіз басталған. Тіпті осы даудан кейін 10 жастағы қыз көршісінің үйіне қашып келген.

«Қызды үйден шығарып жіберген. Келіп біздің талдың астына жатты. Қатты жауын жауып тұрды. Үстіне жабатын көрпеше алып жатты. Менің қолшатырымды алды. Сындырып қоя ма деп, қайтарып алдым. Сосын үйіне кеткен», – деді Шынар Мырзахметова

Үйіне қайта оралған жеткіншекті ұйықтап жатқанда туған ағасы балғамен ұрып өлтірген, дейді көршілері. Ал денесін далаға сүйреп шығарып тастап, өзі түк болмағандей көппен бірге бауырын іздеген. 4-сынып оқушысының денесі көрші үйдің маңындағы бағананың түбінен табылған. Оны ең алғаш ауыл тұрғындарының бірі анықтап, дереу жедел жәрдем шақырды. Сол куәгердің айтуынша, мқызың бассүйегіне ауыр зақым тиген.

 

Бөлісу:


Және де: