Жамбыл облысы

Әйелі мектепте «завучпен» көңілдес болған жігіт асылып өлді

3.4
(36)
Әйелі көзіне шөп салған жігіт асылып қалды. Оқиға Жамбыл облысы, Жуалы ауданында болған. Ауылдағы мектепте күйеуімен бірге еңбек ететін келіншек сол оқу ордасы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен жақын қарым-қатынаста болған екен.
Мұны бірінші болып дәл сол мектепте ұстаздық ететін енесі біліп қойған. Бірте-бірте бұл жағдай жайлы бүкіл ауыл естіген. Жарының мұндай қылығына намыстанған күйеуі өз-өзіне қол жұмсапты.
Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Есен Чувашов 2013 жылы үйленген. Ол ауылдағы мектепте электрик болып еңбек еткен екен. Жары да, анасы да сол оқу ошағында жұмыс істейді. Бүтін бір отбасын ойран қылған оқиға былтыр басталған.
МЕРУЕРТ КӨПБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: «Сол мектептің ішінде болған іс. Мен сағат 11:30-12-де сабағым бітеді, қайтамын. Балам сағат бірде обедке кетеді. 1 мен 3 арасында оны кабинетіне шақырып, кабинетінде болып отырған тірлік. Сөйтсем бұл екеуінің жазып жүрген сообщениялардың бәрін үйдегі дәу компьютер бар еді, одан алып ноутбукке сақтап қойыпты ғой, өшіріп тасталмаған ғой».
Ұстаздар арасындағы қарым-қатынас жайлы белгілі болған соң бұл отбасының шаңырағы шайқалып, екі жас ажырасып кеткен. Алайда, алақандай ауылда тұрып, оның үстіне бір ұжымда еңбек еткесін Есен әйелінің ерсі қылығын ұмыта алмаған. Осыдан бір ай бұрын ол күйіктен үйінің ауласында өсіп тұрған ағашқа асылып қалыпты.
СӘБИТ ЧУВАШОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ: «Адамымыздан айырылдық осындай тірліктің арқасында. Бұл білім ордасы емес, бұл мектеп жын-шайтан, жын-ойнақ болды. Артында екі ұрпағы қалды, қызы мен баласы».
Ал нәпсілерін тия алмай, аты шыққан қос педагог болса әлі де мектепте еңбек етіп жүр екен. Ардан аттаған олардың бұл әрекеттері ауылдастарының шымбайына қаты батып жүр. Жұрт олардың жұмыстан шығарылып, ауылдан кетуін талап етіп отыр. Ондай болмаған жағдайда жаңа оқу жылында балаларды мектепке жібермейміз дейді.
 
НЕСІПКҮЛ ҚАЛҚАБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Келінімен істеген адам кейін кім білсін ауылдың қыздарына да тиюі мүмкін. Мектептен кетсін десе кетсін мектептен, егер ұяты болса. Ақыр ағайыннан кетіп отыр, ауылдан да кетсін».
 
Мектеп басшылығы болса ұстаздарды жұмыстан шығаруға заңды негіз жоқ дейді. Дегенмен, директордың орынбасары өз лауазымынын бас тартыпты. Алайда, қарапайым мұғалім болып жұмысын жалғастыра бермекші. Ол туралы арнайы жиналыста айтқан екен.
 
АЙГҮЛ ИМАШЕВА, АМАНГЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Келіннің шешесі, Меруерт әпкей, оқу ісі жөніндегі орынбасары бәріміз бардық, зиялы қауым болды, бітімгершілікке шақырып едік, бітімгершілікке келмеді, кешірім болмады. Мен кетпеймін деді, математика пәнінің мұғалімі – келіні де мектептен кетпеймін, жұмыс істеймін деп отыр».
 
Тілші: Мектеп қабырғасында ерсі әрекетке барды деп айыпталып отырған педагогтармен тілдесу еш мүмкін болмады. Екеуі де телефон қоңырауына жауап бермейді. Алайда, олармен араласып жүрген кей ауыл тұрғындары қос ұстаз да өздерін айыптымыз деп санамайтындықтарын айтып қалды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 36

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button