Жамбыл облысы

Таразда үйлерде қандаламен тарақандар  қаптап кетті 

 Зиянкестердің көбеюін тұрғындар үйдің ескіруінен көріп отыр.

 

Тараз жұртшылығы тарақанмен туыс, қандаламен қандас болып кеткен. Екі бірдей көпқабатты үйдің тұрғындары зиянкестермен бірге өмір сүріп келеді. Айтуларынша, қас қарая жатын бөлмеде қансорғыштар қаптап, ұйқы бермейді екен. Ас үйді әлдеқашан жирен түсті жәндіктер жаулап алған. Ал, ұзақ уақыт жөндеу көрмегендіктен су сорғалайтын шатыр мен құлағалы тұрған қабырға өз алдына бөлек мәселе. Халық осының бәрін айтып жергілікті билікке талай барған екен, тек, шенеуніктердің ешқайсысы көмек беруге ниет танытпады дейді. Бұл туралы   Newsroom+ақпарат агенттігі«Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Төле би көшесінде орналасқан бұл үйлер бұрын тері өңдейтін комбинаттың жатақханасы болған. Кейін жекешелендіріліп, тұрғындарға беріліпті. Мұнда көбіне тұрмысы төмен отбасылар тұрады. Көпшілік зиянкестермен күресіп әбден шаршағандықтарын айтады.

 «Тарақан, тышқан, кесіртке, бүрге, қандала дегендер қаптап жатыр. Өтініш, көмек беріңіздерші!».

Зиянкестердің көбейгені соншалық, түнде төсекке жатуға қорқамыз дейді тұрғындар. Әсіресе, кішкентай балаларды шағып не тістеп кете ме деп алаңдайды екен.

 «Міне, осы үстелдің үстіне қандаладан қашып, міне жатып ұйықтаймыз. Міне, осылай жатып. Түнімен үйқы бермейді. Күндіз көрінбейді, тек түнде шығады».

 Зиянкестердің көбеюін тұрғындар үйдің ескіруінен көріп отыр. Қабырғалары ылғал тартқандықтан түрлі жәндіктер қаптағандығын айтады. Расында да, 250-ге жуық пәтер орналасқан үйлердің жағдайы жаға ұстатады. Кей қабырғаларын кірпіштері аққан судың кесіренен мүжіліп кеткен. Халық әкімдік көмек көрсетіп, жөндеп берсе дейді.

Қалалық әкімдіктегілер бұл жағдайға үйді күтіп ұстамаған тұрғындардың өздерін кінәләп отыр. 2012 жылы тұрғын үйлерді модернизациялау бағдарламасы бойынша мұнда 19 миллион теңгеге жөндеу жүргізілген екен. Онда да тек жылу жүйесі ретке келтіріліп, жеңіл-желпі жұмыстар жасалған. Ал, үйді толықтай жөндеуге тұрғындардың өздері құлықсыздық танытып отырған көрінеді.

 Бұның барлығы жекешеленген пәтер болғаннан кейін бұның бәрі тұрғындардың есебінен жасалатын мәселе. Әкімдік өз ұсынымызды айтқанбыз, тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында қайтадан сол бағдарламаға кіріп, қандай жұмыстар жасайсыздар, шатырын, подвалын, фасадын, үйдің ішін, сыртын жасайсыз ба, сол бағдарламаға кіру бойынша, жалдамалы пәтерлер болғаннан кейін оның иелері де, сол жерде тұрып жатқан квартиранттар да оны төлегісі келмейді», дейді Асхат ЕСЕНӘЛИЕВ, Тараз қаласы әкімінің орынбасары.

Зиянкестерден құтылу да тұрғындардың өз күшімен жүргізілетін шаруа дейді биліктегілер. Сондықтан, дәл қазіргі таңда жұртшылыққа өз күштеріне сенуден басқа амал қалмай отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.