Жамбыл облысы

Терроризм туралы жалған хабарлама таратқан тараздық ұсталды

5
(2)

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан тараздық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі.

Осы жылдың 12 тамызында сағат 12:30-да Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығы кезекші бөлімінің “102” нөміріне белгісіз адамнан Шостакович көшесінде орналасқан “Престиж” көлік жуу орнына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қоңырау шалушыдан қандай да бір талаптар қойылмаған. Аталған мекенжайға кідіртпей жеткен полиция қызметкерлері шұғыл көлік жуу орнына жақын орналасқан үйдегі 12 тұрғынды эвакуациялады. Барлық аумақ толық тексерумен қамтылды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жалған ақпарат беріп, телефон  соқты деген күдікпен облыс орталығының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлел – ұялы телефон тәркіленді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды. Полиция департаменті дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жібергені үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза қарастырылатынын  ескертеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button