Жамбыл облысы

Жамбыл облысында Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған іс-шаралар өткізілді (Видео)

5
(2)

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзінің фейсбук парақшасында
Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында қаза тапқан қызметкерлер Ғазиз Байтасов, полиция сержанттары Полат Аянқұлов пен Жақсыбек Байсейітовті еске алуға арналған митинг өткенін xабарлады.
– Осыдан дәл он жыл бұрын полиция капитаны Ғазиз Байтасов қандықол лаңкестің жолын бөгеп, бейбіт тұрғындардың тыныштығы үшін өз өмірін құрбан еткен болатын, – деп атап өтті Жанат Қуанышұлы.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев, қаза болған батыр әріптестеріміздің туыстары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

 

https://youtu.be/krxNgwuG9U8

Салтанатты митинг барысында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов пен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жиналғандар оларды бір минут үнсіздікпен еске алып, аспанға үш рет оқ атылды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ержүрек полицей туралы естелікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің қасиетті борышымыз екенін айтып өтті.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев салтанатты жиын азаматтардың тыныштығы үшін жанын қиған барлық полиция қызметкерлеріне көрсетілген құрмет екенін атап өтті. Ол ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан Ғ.Байтасов, Ж. Байсейітов, П. Аянқұловтың туыстарына естелік сыйлықтар табыс етті.
Полиция капитанының жұбайы Гүлжамал Тәжиева полиция қызметкерлерінің оның отбасына барынша қолдау көрсетіп отырғанын, сондай-ақ жыл сайын Ғ.Байтасовты еске алуға арналған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп тұратынын айтып, өз ризашылығын білдірді.

Жыл сайын Полиция департаменті қаза тапқан қызметкерлерге құрмет ретінде түрлі акциялар, митингтер, мәдени-тәрбиелік және спорттық іс-шаралар ұйымдастыруда.

Ағымдағы жылғы 10-12 қараша аралығында Жамбыл облысында Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді: күш құрылымдары арасында волейболдан турнир, батырдың қаза болған орнында қайта жаңартылған естелік тақтайшасының ашылуы, велошеру. ПД мұражайында 1-11 қараша аралығында тақырыптық экскурсиялар өтті. 150-ден астам жамбылдық жас ұрпақ Халық Қаhарманы Ғазиз Байтасовтың және қызмет бабында қаза болған ІІО-ның барлық қызметкерлерінің есімдерін ұлықтап, тағзым етті.

Бұл күні республиканың барлық өңірлерінде полиция департаменттері түрлі іс-шаралар өткізуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button