Жамбыл облысы

Жамбылда биыл 90-нан астам спорт алаңы салынады

0
(0)

Жамбыл облысында 13 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 92 спорт алаңшасы салынады, – деп хабарлайды, NewsR00m+ тілшісі  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Биыл Жамбыл облысында спорттық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 13 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) және 92 спорт алаңшасы бар. Тағы екі стадион күрделі жөндеуден өтеді деп көзделсе, үлкен теннис орталығы қайта жаңартылмақ.

Сонымен қатар, 12 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл орайда Тараз қаласында 41 жоба жүзеге асырылып жатқандығын айта кету керек. Олардың қатарында үш денешынықтыру-сауықтыру кешені, 35 алаң, бір мектеп стадионын ағымдағы жөндеу, «Ұлан» стадионын күрделі жөндеу және теннис орталығын қайта жаңарту жұмыстары бар. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы аталған спорт құрылыстарын аралап, жұмыстарымен танысты.

Аймақ басшысы шығындарды оңтайландыруды, жоба құндарын төмендетуді, мердігерлерден бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жақын маңдағы әлеуметтік мекемелерге көмек көрсетуді талап етті. – Алаңдар халықтың барлық санаттары үшін қолжетімді және жергілікті жастардың жиі келетін орталығына айналуы тиіс. Бізге жамбылдықтарды жаппай спортқа тарту керек.

Спорт алаңдары мен басқа да нысандар бос тұрмауы тиіс. Бұл ретте жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және жасөспірімдер қылмысының деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Ешкім бюджет қаржысын есептемейді. Кейбір жобалардың құны өте жоғары. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жобаны әзірлеу барысында бақылауды, шығын мөлшерін барынша оңтайландыру және құрылыс сапасына мониторинг жүргізуі қажет, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close