Жамбыл облысы

Персик өлді! Әкім келді. Жамбылда белгілі блогердің итін атып кетті

Бақұл бол Персик!

Кеше Тараз қаласында тапа-тал түсте белгілі қоғам белсендісі Жанна Папинаның «Персик» атты күшігін ит атқыштар өлтіріп кетті.
Еш ескертусіз, аяусыз атып кетті. Мақұлықтың мезгілсіз өлімін зор күйзеліспен қабылдадым. Жанна ханымға қайғысына ортақтасып көңіл айтамын! Біреуге оқтан, біреуге боқтан келетін кесапат өлім ғой. Сабыр етіңіз. ФБ Инстадан тікелей эфирден көріп отырдық. Көп жыладыңыз. Персикті көтеріп әкімдіктің алдына әкелдіңіз. Әкімнің шығуын талап еттіңіз.
Сіз мықтысыз! Мойындадым! Келді әкім! – деп жазды танымал қоғам белсендісі Жасұлан Әбдіхалық өзінің фейсбук парақшасында. 
Есігінің алдында сағаттап көп балалы аналар келгенде шықпаған әкім, әкімдікті бүлікшілер өртеп жатқанда шықпаған әкім, журналистерді тергеп тексеріп, тепкілеп жатқанда келмеген әкім, келді!
Өзі ғана емес, қасында қала әкімі Жылқыбаев, ауылшаруашылығы орынбасары Нұржігітов, ветеринария басшысы, прессегі бәрі келді Персикке!
Айнала қоршап тұрып сөз сөйледі. Персиктің арманы жоқ, әкпе! Арманы жоқ!
Күні кеше Қаңтар қырғынында қаза тапқан, абайсызда оққа ұшқан боздақтарға бұл басшылар бармаған, көңіл айтпаған.
Сапарбаев өлген иттің басында тұрып жауаптыларға ұрысты:
– » Екеуің де кінәлісіңдер. Шаш ал десе бас аласыңдар. Сендерге ешкім айтқан жоқ қой, бәрін атыңдар қырыңдар деп. Сендер әуелі алдымен анықтауларың керек еді, мынаның адамға зияны бар ма, жоқ па? Балдарды қаба ма қаппай ма? Ауру ма, сау ма? Қауіпті ма? Содан кейін ғана әрекет ету керек еді», деді.
Айналайын әкімім ай. Астарлап нені айтқың келгенін түсіндім. Әлде мен әлемдегі ең тупой адаммын. Бірақ маған бәрі басқаша естілді. Мына сөздердің барлығы Қаңтар қырғынына арнап айтылып жатқан сияқты.
«Шаш ал десе бас аласыңдар. Президент сендерге бәрін атыңдар, қырыңдар деген жоқ қой. Барлығы террористер емес қой, арасында бейбіт шерушілер, кездейсоқ жүргендер бар. Алдымен анықтамайсыңдар ма? Қоғамға зияны бар ма, жоқ па? Қауіпті ме? Содан кейін ғана әрекет ету керек» деп естідім, солай түсіндім!
Персик сен кешірші бізді. Біз сені қорғай алмадық. Бейбіт күнде оққа ұшырып алдық. Бұл әрине үлкен қасірет. Сен қаһарман итсің! Сенің, күн сайын кәріс кухняларында сойылып табақпен тартылып жатқан жүздеген иттердің әруақтарының алдында арың таза! Сен, ешкім түсіндіре алмаған Ұлттық трагедияны – иттік трагедиямен түсіндіріп кеттің.
Бақұл бол Персик!
Ескерту: видео Жанна Папинаның желідегі парақшаларынан алынды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 25

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.