Жамбыл облысы

Жамбылдық полицейлер үш жүз келіден астам есірткі затын тәркіледі

2
(1)

 


2021 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 324 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Оның ішінде 244 келі марихуана, 78 келі гашиш, 796 грамм героин және 17 грамм синтетикалық есірткі құралдары бар.

«324 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 61 есірткіні өткізу, 32 – аса ірі көлемде сақтау, 12 есірткі құралдарын контрабандалау жағдайы, 10 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, 1 есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу және 209 қылмыстық теріс қылық дерегі», – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button