Жамбыл облысы

Тараз тұрғыны үнді есірткісімен ұсталды

0
(0)

«Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласының 55 жастағы тұрғынын ұстады, оның тұрғылықты жеріндегі бақшасына санкцияланған тінту жүргізу кезінде «үнді» қарасора тұқымына жататын есірткі өсімдігін культивациялау белгілері бар 104 бұта табылды және тәркіленді.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады, бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ол үшін оған екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қолданылуы мүмкін.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button