Жамбыл облысы

Аудан әкімі карантинде той жасап айыппұл төледі

Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов карантин уақытында тойда ұсталды.

Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов карантин уақытында тойда ұсталды. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

Aibat мәліметінше, Тараздың тойханаларын әскерилер қоршауға алды. Қаладағы ұзын саны 74 сауық кешенінің алды қатаң күзетіліп жатыр. Себебі облыс орталығында жасырын той жасаушылар тыйылмай тұр. Мобильді топ бір түнде 25 тойдың үстінен түскен. Аймақта аурудың саны артып жатқанда аудан әкімі де той тойлап ұятқа қалған.

Мобильді топты кіргізбей қойған той иесі тексерушілермен төбелесуге дейін барған. Тіпті тойхана иелері де карантин талаптарын бұзған жұртты тарқатуға келген облыс әкімі орынбасарын жағадан алған.

Ереже мен ескертуді елемеген кәсіпкерлерге кейінгі 10 айда 90 миллион теңге айыппұл салыныпты. Ал ауру көрсеткіші өңірде өршіп барады. Бір күн ішінде 186 адам COVID-19 жұқтырған. Қазір қаладағы барлық 220 дәмхана қатаң тексеріліп жатыр.

«Оның ішінде 21 дәмхана бойынша біз сотқа жібердік. Егер де ол шағын бизнес болса 230 АЕК бойынша айыппұл салынады, ол – 670 910 теңге», – деді Тараз қаласының бас санитария дәрігері Рита Алтынбасова.

Ауру асқынған тұста Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов та той тойлап, желідегі жұрттың табасына қалған.

«Байзақ ауданы әкімі Қазанбасовқа жеке тұлға ретінде шектеу шарасын бұзғаны үшін 84 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды», – деді Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Наиля Мулюкова.

Шенеунік айыппұл салынғанымен, тойхана иесі де 700 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды. Мамандар аурудың өршуін тойдың тыйылмауынан көреді. Сондықтан Тараздағы тойханалардың алдын күзетуге әскер жұмылдырылған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 9

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.