Батыс Қазақстан облысыҚылмыс/Оқиға

Оралда көпқабатты үйдің ауласында көршілер жаппай төбелескен

2
(1)

Оралда көпқабатты үйдің ауласында көршілер жаппай төбелескен.

25 мамыр күні сағат 22.00-де 102 телефонына көпқабатты үйдің ауласында көршілер арасында жанжал туындап жатқаны жөнінде хабар түскен. «Патрульдік жасақ оқиға орнына келгеннен кейін жанжалға қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері тыйылды. Алдын ала мәлімет бойынша бірнеше адамның дене жарақатын алғаны белгілі болды. Алдымен балалар өзара сөзге келген. Содан кейін ата-аналар кірісіп, ұрыс-керіс жұдырық жұмсауға ұласқан.

Жанжалға қатысушылар мен куәгерлер сұралуда. Толық ақпарат кейін берілетін болады», деп хабарлады ведомстводан.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button