Батыс Қазақстан облысыҚылмыс/Оқиға

Оралда 3 жасар бала септикке түсіп кеткен

5
(1)

Оралда септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бала септикке түсіп кеткен болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жайтқа қатысты бірқатар ақпаратты жария етті. Бала күтушінің сөзіне қарағанда, аулаға шыққан бала септикке түсіп кеткен. Оны сол тұстан өтіп бара жатқан ер адамдар шығарып алыпты.

Баланың тыныс алу жолы бұзылып, тоқтаған. Аузына жасанды тыныс беру жасалып, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Баланы бөлімше меңгерушісі хирург, кезекші реаниматолог және нейрохирургпен бірге қарап, медициналық көмек көрсетілген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан реаниматологы мен хирургы шақыртылған. Шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған баланың жағдайы ауыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button