Батыс Қазақстан облысы

Нұрлан Әуесбаев Орал қаласындағы облыстық сайлауалды штабқа барды

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабқа барды.

Іс-шара барысында кандидат қала активімен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі қаулылары жөнінде баяндап берді.Сонымен қатар, кандидат мемлекетте саяси реформаларды жүргізу қажеттілігіне тоқталды.

«Қазақстан алдында тұрған басты мәселе – парламенттік-президенттік республика құру. Біз билік бір адамның қолына шоғырланатын президенттік басқару үлгісінен бас тартуымыз қажет. Үкімет адал, бәсекелес бизнестің дамуына мүмкіндік бермейтін олигархтарды емес, халықтың мүддесін қорғауы тиіс. Жемқорлықпен күресті күшейтіп, парақорларға қатысты максималды жаза орнатып, мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет», – деді кандидат.

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жемқорлықты жеңіп, мемлекеттің басқару жүйесін ауыстыру арқылы ғана елдің экономикалық гүлдеуіне қол жеткізуге болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.